Ауыл шаруашылығы министрлігі егіннің өсу кезеңінде ауа райы қолайсыз болғанын айтты
Фото: primeminister.kz
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2026 жылғы 29 қыркүйекте Үкімет отырысында биыл егіннің өсу кезеңінде диқандар қандай қиындықтарға тап болғанын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның сөзінше, қазір еліміздің барлық өңірінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр.
"Биыл егіннің өсу кезеңінде ауа райы әркелкі болды. Елдің солтүстік және орталық бөлігіндегі кейбір өңірлерде жауын-шашын аз түсті. Бұл дәнді дақылдардың өнімділігіне қосымша қауіп төндірді", – деді Сұлтанов.
Вице-министрдің айтуынша, өткен жылдары осындай ауа райы жағдайында әр гектардан көбіне 8–9 центнер өнім алынған.
"Дегенмен Үкіметтің жеңілдетілген қаржыландыруды қолжетімді ету жөнінде қабылдаған шараларының арқасында диқандар қажетті агротехникалық жұмыстарды уақытылы әрі сапалы жүргізе алды", – деді ол.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының диқандары 4,1 млн тонна астық жинағаны хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript