Ауыл шаруашылығы министрлігі ет бағасының өсуін жоққа шығармайды

Зеленый базар, продукты питания, торговля, базар, рынок, мясной цех, мясо, разделка мяса, цены на мясо, мясная продукция, стоимость мяса, мясной отдел, цена мяса, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2025 14:05 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 2 қыркүйекте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет кулуарында елдегі ет бағасының өсу мүмкіндігін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол елдегі еттің қымбаттауына әсер ететін негізгі факторлардың бірін атап өтті:

"Қазір ет экспорты екі есе артты – бұл ішкі нарықтағы бағаға әсер етеді. Дегенмен, қазіргі уақытта еттің бағасы тұрақты. Министрдің тапсырмасымен мамандар барлық ірі бордақылау алаңдарын аралап шықты. Алаңдарда мал бар, ет бар – өңірлерде шамамен 50 мың тонна қор бар, бұл бірнеше айға жетеді", – деді Сұлтанов.

Оның айтуынша, елде ет тапшылығы жоқ, бірақ импорттаушы елдер тарапынан бағаға қысым бар.

"Егер баға өсетін болса, әкімдіктерде бағаны тежеу тетіктері бар. Қазір тежеп отырған жоқ, өйткені біз еттің өзіндік құны мен өндірісіне қарап отырмыз. Малын жайылымда ұстайтын шаруашылықтарда өзіндік құн шамамен 1800–1900 теңге. Нарықтағы баға қазір 3500 теңгеден басталады. Бағаның төмендеуі жем-шөп базасының қамтамасыз етілуіне байланысты болады. Болжам бойынша, қазір біз еттің өзіндік құнына қарап отырмыз", – деп түйіндеді вице-министр.

Бұған дейін, 2025 жылғы 5 тамызда, Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев сиыр етінің қымбаттауына байланысты қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын түсіндірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: