Алматы облысының тұрғыны жүгері алқабының арасына жасырын есірткі өсірген

Сурет: polisia.kz
Алматы облысында полицейлер жүгері алқабының арасына жасырын есірткі өсірген тұрғынды әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 тамызда "Қарасора-2025" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірлесіп Еңбекшіқазақ ауданында арнайы операция жүргізді.

Операция нәтижесінде 36 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Тексеру барысында жалпы аумағы 4,5 гектар болатын шаруа қожалығының жерінен жасырын плантация анықталды. Жүгері алқабының арасында 233 түп қарасора егілгені белгілі болды. Сонымен қатар арнайы жасырылған жерден марихуана тұқымдары салынған 58 пробирка тәркіленді.

"Тәркіленген өсімдіктер сот-химиялық сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысына сәйкес, олардың жалпы салмағы 49 келіден асты. Қазіргі таңда күдікті Шелек қаласының полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды", - дейді полиция өкілдері.

Сурет: polisia.kz

Ведомство кез келген есірткі айналымына қатысты заңсыз әрекеттердің қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін қатаң ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін