Алматыда көлігімен өзен арнасына кірген жүргізушілер қамауға алынды

Сурет: Алматы полициясы
Алматының Медеу ауданында жол қозғалысы ережелерінің бұзылғаны түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнелерде автокөліктердің өзен арнасына кіріп кеткені анық көрінеді.

Жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жүргізушілердің жеке басы анықталды. Тексеру қорытындысына сәйкес олар ҚР ӘҚБтК-нің алты бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Көліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Сот шешімімен екі жүргізуші де 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция көлік құралдарының өзен арнасына немесе қозғалысқа арналмаған басқа да орындарға кіруіне жол берілмейтінін еске салды. Бұл – қоршаған ортаға да, жол қозғалысына қатысушылардың өздеріне де қауіпті. Мұндай әрекеттер қатаң түрде тоқтатылып, құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылады.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және өздерін де, өзгелерді де қауіпке тікпей, жауапкершілік танытуға шақырады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады