Талғарда Хасан Қасымбаевқа қатысты сот ісі басталды

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 20 тамызда Талғар аудандық сотында төрт жыл бұрын спортшыны ұрлау және соққыға жығу ісіне күдікті ретінде танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс қарала бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хасан Қасымбаевтың есімі елге 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні Талғарда "Қамажай" дүкенінің маңында болған қақтығысқа ұласқан жанжалдан кейін белгілі болды. Даулы оқиға 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімімен аяқталған еді. Қоғамда бұл қылмысқа кінәлілер "Хуторские" деген ұйымдасқан топтың мүшелері екені, ал ұйымның басшысы Қасымбаев екендігі жайлы алып-қашпа сөз тараған болатын. Тұрғындардың айтуынша, бұл топ аймақты үрейде ұстаған, соққыға жығу мен қоқан-лоқы жасау деректері де болған. Алайда Ішкі істер министрлігі мұндай топтың бар екенін жоққа шығарды, дегенмен Қасымбаев қамауға алынды.

Сотқа дейін тергеу мүддесі үшін істің барысы туралы ақпарат жарияланбаған.

Сот процесіне жәбірленушілер мен айыпталушылардың туыстары қатысуда, оқиға орнында жедел қызметтер кезекшілік атқаруда.

Іс қазақ тілінде, судья Айнагүл Тұқабаеваның төрағалығымен ашық режимде өтуде.

Айта кетсек, Хасан Қасымбаевқа бірден үш бап бойынша айып тағылды: адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру және қорқыту. Ол 2024 жылғы 2 қарашада ұсталған.

Онымен бірге тағы бес адам айыпталушылар орындығында отыр.

Жәбірленушілер қатарында екі адам, әзірге олардың жеке деректері жария етілмеген.

Айта кетсек, Талғарда "Хуторские" деген ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы ретінде танылған Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны 2024 жылғы 4 қарашада белгілі болды. Кейін Алматы облысы ПД ол уақытша ұстау изоляторына "қасақана ауыр дене жарақатын келтіруге және ММА спортшысы Арман Әлімұлын ұрлауға қатысы бар" деген күдікпен қамалғанын нақтылады. Тамыз айының басында тергеу аяқталды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі