Рыбакина қазақтың қай тағамын ерекше жақсы көретінін айтты

Рыбакина қазақтың қай тағамын ерекше жақсы көретінін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2026 16:40 Сурет: ktf.kz
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Алматыға келген сайын өзін үйдегідей сезінетінін айтып, қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде бесбармақты ерекше жақсы көретінін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Теннисші Алматыдағы сапары аясында баспасөз мәслихатына қатысып, қала туралы әсерімен бөлісті.

"Маған Алматының климаты өте ұнайды. Мұнда достарым көп, сондықтан Алматыға келген сайын өзімді үйдегідей сезінемін. Ұлттық тағамдардың көбін жақсы көремін, әсіресе бесбармақ пен тәттілерді ұнатамын", – деді спортшы.

Сапар барысында Рыбакина "Алатау" теннис орталығында балаларға арналған шеберлік сабағын өткізді. Жас спортшылар әлемдік рейтинг көшбасшысымен бір кортта ойнап, одан кәсіби кеңестер алды.

Сондай-ақ теннисші өткен маусымды қорытындылап, алдағы жоспарлары, Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсету мүмкіндігі және Олимпиада ойындарына дайындығы туралы айтты.

Айта кетейік, 2026 жылғы маусымда Елена Рыбакина төрт турнирде топ жарды. Оның ішінде Australian Open мен US Open секілді "Үлкен дулыға" жарыстары бар. Ол кәсіби мансабында алғаш рет WTA рейтингінде бірінші орынға көтеріліп, маусымды әлемнің үздік теннисшісі ретінде аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: