Рыбакина Саккариді жарыс жолынан шығарып, Уимблдонның үшінші айналымына өтті

Рыбакина Саккариді жарыс жолынан шығарып, Уимблдонның үшінші айналымына өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2025 20:10 Сурет: instagram.com/wta
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2025 турниріндегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші айналымда Рыбакина грек спортшысы Мария Саккаримен (77-орын) кездесті және оны екі сетте — 6:3, 6:1 есебімен жеңді.

Елена үшінші кезеңде Клара Таусон (Дания, 22-орын) мен Анна Калинская (Ресей, 39-орын) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Еске салайық, Елена Рыбакина 2022 жылы Уимблдон турнирінің чемпионы атанған еді. Ал өткен жылы бұл турнирде жартылай финалға дейін жетіп, онда чехиялық теннисші Барбора Крейчиковаға (16-орын) жол берген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: