Елена Рыбакина қазақстандық теннис тарихына енді

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2024 17:20 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина отандық теннисшілер бұрын-cоңды жетпеген жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Рыбакина жекелей сында "Үлкен дулыға" мен WTA 250, 500 және 1000 сериясындағы турнирлердің жеңімпазы атанған алғашқы қазақстандық теннисші атанды. Енді оған Олимпиада жүлдесі ғана жетіспей тұр.

Жуырда қазақстандық теннисші WTA 500 Brisbane International турнирінің (Аустралия) финалында әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы ұтып, 2024 жылғы алғашқы жарысында жеңіске жетті.

Бұл – Рыбакинаның жекелей сын бойынша карьерасындағы алтыншы титулы. Ол Брисбендегі турнирге дейін 2023 жылы Индиан-Уэллс (АҚШ) пен Римдегі (Италия) WTA 1000 турнирінде, 2022 жылы "Уимблдонда" (Ұлыбритания), 2020 жылы Хобарттағы (Аустралия) WTA 250, 2019 жылы Бухаресттегі (Румыния) WTA 250 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, жеңіске жеткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: