Енді АҚШ-тағы турнирлерге дайындалуым керек – Елена Рыбакина
Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина өзінің Уимблдондағы ойынына баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Турнирдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық теннисші тунистік Онс Жабермен ширек финалдағы матчтың қиын болғанын айтты.
"Ойын ауыр болғанымен, мен мұндағы екі аптаны тамаша өткіздім. Маған жанкүйерлердің қарсыласымды көбірек қолдағаны әсер ете қойған жоқ. Мен оған назар аудармадым. Өткен жылғы финалмен салыстырғанда, ол сәттірек ойнады. Өзімде де, әсіресе, екінші сетте көптеген мүмкіндік болды. Алайда менің басты қаруым саналатын доп берудегі дәлдігім жетіспеді. Есесіне ол шешуші сәттерде өте дәл ойнай білді. Жарысқа чемпион ретінде келу мен үшін жаңаша болды. Мен алғашқы матчтарымды табысты өткізгеніме мақтанамын, өйткені солардың өзі оңайға түскен жоқ. Әр ойын сайын күшті бола түстім. Енді Америкадағы турнирлер алдында жұмыс істеуім керек. Осы екі аптадан жақсы тәжірибе жинадым. Биыл ата-анамның осында келе алғанына қуаныштымын. Кішкене демалып, сосын дайындыққа кірісемін деп үміттенемін". Елена Рыбакина
Биыл төртінші "Үлкен дулыға" турнирі – АҚШ ашық чемпионаты 28 тамыз – 10 қыркүйек аралығында өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалында жеңіліп қалған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript