Елена Рыбакина Miami Open финалында жеңілді

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2023 02:51 Сурет: instagram.com/wta
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open финалында жеңілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина финалда әлемнің 12-ракеткасы Петра Квитовамен ойнады. Қазақстандық теннисші 6:7(14), 2:6 есебімен жеңілді.

Матч 1 сағат 42 минутқа созылды.

Жеңілгеніне қарамастан, Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің финалы үшін 650 рейтингтік ұпай мен 662 360 доллар сыйақы алады.

Ал Miami Open-2023 чемпионы Петра Квитова 1 000 рейтингтік ұпай мен 1 262 220  доллар жүлде алады.

Еске салайық, 14-15 сәуірде Елена Рыбакина Астанада қазақстандық команда сапында Билли Жан Кинг кубогында Польша құрамасына қарсы ойнайды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: