Қатарынан 12 жеңіс – Елена Рыбакина Miami Open турнирінің жартылай финалында

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2023 01:21 Сурет: www.instagram.com/lenarybakina
Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open турнирінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина дүниежүзінің 24-ракеткасы, италиялық теннисші Мартина Тревизанмен ойнады. 

Матч 1 сағат 9 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші 6:3, 6:0 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің алғаш рет жартылай финалына өтті.

"Әрі қарай өткеніме қуаныштымын. Қолдап келгендердің бәріне рақмет айтамын. Мен мұндағы жағымды атмосфераны бірден байқадым. Көрермендер де тамаша. Мені дәл осылай келесі матчта да қолдайды деп сенемін. Доптың алғашқы соққыдан түспегеніне көңілім толмады. Екінші сет басталғанда бәрі ойдағыдай болды және қиындықсыз жеңіске жеттім, өз жеңісіме қуаныштымын", - деді Елена Рыбакина матчтан кейін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: