Жаңалықтар тізбегі
0

Елена Рыбакина Астанаға ұшып келді

Елена Рыбакина Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазақстан" теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Билли Джин Кинг кубогі (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңінің аясында елордада 14-15 сәуірде Польшамен өтетін матчқа қатысады.

Елена Рыбакина

Сурет: ktf.kz

Елена Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында топырақ төсенішіндегі кортта алдағы бәсекеге дайындықты бастады.

Ертең, 13 сәуір күні Қазақстан – Польша матчының жеребесі тартылады. 14 сәуірде жекелей сында екі ойын өтсе, 15-інде екі жекелей, бір жұптық кездесу жоспарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз