Блинкен Астанаға ұшып келді

АҚШ, Қазақстан, Сыртқы істер министрлерінің кездесуі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2023 09:36 Сурет: Twitter/SecBlinken
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Джон Блинкен 2023 жылғы 28 ақпанда Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
АҚШ Мемлекеттік департаменті пулының журналисі Иэн Марлоудың Twitter-дегі парақшасына жазуынша, ұшақ Астанаға түнде қонды.
"Біз Энтони Джон Блинкеннің Орталық Азия мен Үндістанға сапары аясында (G20 сыртқы істер министрлерінің кездесуіне) Астанаға келіп (Қазақстан) қондық", деп жазды Иэн Марлоу.
2023 жылғы 27 ақпанда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы әуежайдан түсірілген сурет жариялап, оның астында Энтони Джон Блинкен Қазақстанға, Өзбекстанға және Үндістанға сапарлайтынын жазды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: