"Мемлекеттік хатшы ретінде Қазақстанға алғашқы сапарым": Блинкен әуежайда түскен суретін жариялады

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы, АҚШ, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 13:38 Сурет: Twitter/SecBlinken
Ақпанның 27-сі күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Джон Блинкен Қазақстанға сапары алдында әуежайда түскен суретін жариялады. Ол сапары туралы Twitter желісінде жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фотоның астына ол бүгін (27 ақпан) Қазақстан, Өзбекстан және Үндістанға сапарға аттанатынын атап өтті.

"Бұл менің мемлекеттік хатшы ретінде Қазақстан мен Өзбекстанға жасағалы отырған алғашқы сапарым және мен Орталық Азиядағы әріптестігімізді одан әрі дамытуға асықпын. Сол жерден мен Үндістанға G20 отырысына аттанамын", – деп жазды ол.

Блинкен Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесетіні хабарланған еді. Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесу жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: