АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді
Сурет: Instagram/secblinken
Энтони Блинкен 28 ақпанда алғаш рет Астанаға ұшып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 28 ақпанда Қазақстанға алғашқы ресми сапарын жасайды. Ол Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Сонымен бірге премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі жоспарланған.
Сол күні Блинкен Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы істер ведомстволары басшыларының С5+1 форматындағы министрлік кездесуіне қатысады. Күн тәртібінде АҚШ-пен аймақтық ынтымақтастық және әріптестікті одан әрі дамыту мәселелері тұр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript