Хасан Қасымбаевтың ісі: айыпталушылар прокурорға қарсылық білдірді

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 20 тамызда Талғар аудандық сотында адам ұрлау, соққыға жығу және қорқыту арқылы тартып алу бойынша айыпталып отырған Хасан Қасымбаевтың ісі қаралуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ең алдымен, сотта іске қатысы бар өзге де айыпталушылар туралы мәлімет жарияланды.

Руслан Алиев, 1999 жылы туған. Рысқұлов кентінің тұрғыны, жұмыссыз, орта білімі бар. Үйленген, бір баласы бар. Бұған дейін сотталмаған. 2021 жылғы 15 желтоқсаннан бері қамауда отыр.

Мадияр Қалимданов, 1994 жылы туған. Талғар қаласының тұрғыны. Сотқа тұрғылықты мекенжайы "есінде жоқ екенін алға тартып" атаудан бас тартты. Үйленген, бір баласы бар. Бұған дейін ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотталып, үш жылға бас бостандығынан айырылған. Үкім 2021 жылғы сәуірде шығарылған. Бұл іс бойынша 2021 жылғы 21 мамырдан бері қамауда. Сотталғанға дейін құрылыс саласында жұмыс істеген.

Сайлау Ақтанов, 1994 жылы туған, Абай облысының тұрғыны. Орта білімі бар, жұмыссыз, үйленбеген. Бұған дейін ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі (Қасақана ауыр дене жарақатын салу) бойынша сотталған. 2021 жылғы 6 қарашадан бері қамауда.

Данияр Асқар, 1994 жылы туған, Абай облысынан, Астана қаласының тұрғыны. Бұрын СОБР қызметкері болған. Жоғары білімі бар. Үйленген, екі баласы бар. 2023 жылғы мамырдан бері қамауда.

Нұрмұхамед Сұлтанбеков, 1990 жылы туған. Алматы облысынан, Алматы қаласының тұрғыны. Орта білімі бар. Жұмыссыз. Үйленбеген. 2023 жылғы 6 қарашадан бері қамауда.

Өз кезегінде, Хасан Қасымбаев Талғардың тұрғыны екенін, жеке кәсіпкер екенін айтты. Үш кәмелетке толмаған баласы бар.

Бұл істе мемлекеттік айыптаушылар болып Назгүл Тәукенбаева мен Ерлан Құланбаев қатысуда. Процесте барлық айыпталушы прокурорға бірауыздан қарсылық білдірді.

"Нақты әйелге қарсылық. Себебі 2022 жылы осында өткен сотта ол біздің ісімізге қатысқан. Сол себепті біз қарсы болдық", – деді айыпталушылар.

Айта кетейік, сот отырысының басында айыпталушылар мен қауіпсіздік қызметінің өкілдері журналистерге қысым көрсетіп, олардан кейбір кадрларды мәжбүрлі түрде өшіруін талап еткен. Айыптаушылар "бізді түсірмесін, жүзімізді көрсетпесін" деп мәлімдеген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты