Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы маңында 31 жылқы ұрланды

Сурет: polisia.kz
Алматы облысында полицейлер бірнеше мал ұрлығының бетін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы маңында 31 жылқы ұрланған. Осы қылмысқа күдікті ретінде 42 және 22 жастағы екі азамат құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 17 млн теңгеге жуық.

Күдіктілерге қатысты мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу жалғасып жатыр.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, мал ұрлығының елеулі бөлігі малды қараусыз, бақылаусыз жаюдан туындайды.

"Малды көбіне бақташысыз, еркін жайылымға жібереді. Иелері жоғалғанын аңғарғанда, мал жайылымнан алыс кетіп қалды деп ойлап, өздері іздеуге кірісіп, уақыт жоғалтады. Ал ұрыларды ұстау мен ұрланған малды қайтаруда алғашқы сағаттар шешуші рөл атқарады", - деп атап өтті ведомствода.

Полиция ауыл тұрғындарын ауыл шаруашылығы жануарларының сақталуына ерекше көңіл бөлуге, оларды қараусыз қалдырмауға үндеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген Перудің әйгілі әншісі Ева Айльонмен кездесті

Қар, бұрқасын, көктайғақ: 29 қарашада қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ІІМ студенттерді зорлық-зомбылық пен бопсалау фактілерін жасырмауға үндеді

Рыбакина қазақтың қай тағамын ерекше жақсы көретінін айтты

29 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауып, боран соғады