Павлодар облысында шетелдіктер наубайшы болып заңсыз жұмыс істеген

Сурет: pixabay
Павлодар облысында "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның қорытындысы бойынша құқықтық тәртіп сақшылары 252 азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, оның ішінде 177-сі шетелдік азамат болса, 174-ті ТМД және 3-і алыс шетел азаматы ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін және 75-і Қазақстан Республикасының азаматы болды.

"31 шетелдікті, оның ішінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен 6 шетелдікті елден шығару туралы шешім қабылданды", - деді облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Қанат Сартов.

Бұдан басқа, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 25 фактісі анықталды.

Мысалы, Павлодарда Уральская көшесінде полиция қызметкерлері наубайшы ретінде еңбек қызметін жүзеге асырған көрші мемлекеттің үш азаматын анықтады. Барлық факті бойынша шетелдіктерді жұмысқа заңсыз жалдаған жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер елдің көші-қон заңнамасын бұзбауды ескертті.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі