Астанада экс-қызметкер компаниядан қомақты қаржы жымқырған

Сурет: Zakon.kz
Полицейлер ірі көлемдегі қаржы жымқырды деген күдікпен 28 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұған дейін компаниялардың бірінде сату жөніндегі менеджер болып жұмыс істеген және корпоративтік аккаунтты пайдалану мүмкіндігі болған.

Жұмыстан кеткеннен кейін екі ай өткен соң оның Kaspi Pay жүйесіне қолжетімділігі тоқтатылмағаны белгілі болды. Осыны пайдаланған күдікті бірнеше ай бойы компания қаражатын өз шоттарына аударып отырған.

Компанияға келтірілген жалпы шығын - 14 миллион теңге. Ұрланған қаражатты ол жеке қажетіне жұмсаған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы