Алматылықтар пәтер құнының шарықтауына студенттерді кінәлауда

Фото: Zakon.kz
Алматыда жалдамалы тұрғын үй бағасы күрт өсті. Қала тұрғындары бұл үрдіске студенттерді кінәлауда. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Astana TV дерегіне сүйенсек, бұған дейін мегополисте бір бөлмелі пәтерді 180 мың теңгеге жалға алуға болатын болса, қазір оның құны 250 мың теңгеге дейін жетіп отыр.

Қала тұрғындары бағаның бұлай шарықтауына жаңа оқу жылының басталуы себеп болғанын айтуда. Алматыға өзге өңірлерден студенттер легі келіп, жалға берушілер бұл жағдайды оңтайлы пайдаланып отыр, дейді олар.

"Әр жыл сайын осы уақытта, қыркүйекте сұраныс өседі. Тиісінше, бағалар да 10-20%-ға артатын кезең басталады. Әсіресе студенттер оқитын мекемелерге жақын Бостандық және Алмалы аудандарда баға тіптен көтеріледі", – деді жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Шолпан Абдакова.

Алайда, экономистер жалдамалы тұрғын үй бағасының өсуінің негізгі себептерін басқаша түсіндіреді. Олардың арасында:

Бұған дейін Алматыда көші-қон үдерістерін реттеу қолға алынатындығын, ол үшін жұмыс тобы құрылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді