Алматылық өзгенің 1,3 млн теңге қарызының кесірінен әуежай территориясына кіре алмаған

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының тұрғыны Мирас Гапуров көлігімен досын әуежайға апарып тастаған. Алайда осы сапарына байланысты кейіннен атына 1,3 миллион теңгеден астам айыппұл келген. Бұл жайтқа байланысты Zakon.kz тілшісіне әуе компанияның баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Қазақстандық өз басынан өткен оқиғамен Threads-тағы парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, бұл жайт 2025 жылдың 1 қыркүйегінде болған.

"Халықаралық рейске отыруы тиіс досымды әуежайға алып келдім, шлагбаумнан мені ішке кіргізбей қойды. Банктік қосымшамды қоссам, тосынсыйға тап болдым. Көлігімді қаңтар айында ғана сатып алғанмын, ал  маған келіп тұрған айыппұл 2024 жылдың қарашасынікі екен", - дейді ол.

Zakon.kz тілшісі түсініктеме алу үшін Алматы қалалық әуежайының баспасөз қызметіне жүгінді. Олар өз кезегінде автотұрақ жүйесінде техникалық ақау болғанын жеткізді.

"Нәтижесінде қарыз бұрын басқа көлік пайдаланған нөмірге қате байланған. Осыған байланысты жүйе қарызды дұрыс көрсетпей, әуежайға кіруге тыйым салған. Автотұрақ операторларына хабарласқаннан кейін бұл келеңсіздік тез арада жойылды, яғни айыппұл да базадан алынды". Алматы әуежайының баспасөз қызметі

Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі (ІІМ) Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев елімізде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қарастырылатын айыппұлдар көлемі артатынын-артпайтынын айтқан болатын. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды