Балалардың ойыны жанжалға ұласып, полицияға арыз түсті

Фото: pexels
Қазақстандағы дәмханалардың бірінде балалар ойыншықты бөлісе алмай қалған. Біраз уақыттан кейін жағдай реттелгенімен, аналардың бірі үш жасар қызға қатысты полицияға арыз жазған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл оқиға туралы Threads әлеуметтік желісіндегі жазбадан белгілі болды. Үш жасар қыздың анасы, яғни істің "кейіпкерінің" ата-анасы, жағдайды былай баяндады:

"Қызымның үстінен полицияға арыз жазылды. Дәмханада қызым ойыншық шаңсорғышты алып еді, жасы үлкен қыз оны тартып алмақ болды. Сол сәтте оның анасы "Қызыңды әдепке үйрет!" деп айқайлап кіріп келді. Балалар 10 минуттан кейін қайтадан бірге ойнап кетті. Алайда әлгі әйел қызымның үстінен полицияға арыз жазып қана қоймай, үш жасар баламнан өзінің бес жасар қызының алдында кешірім сұрауды талап етті. Бұл — абсурд! Біздің әйелдердің қаншалықты бақытсыз өмір сүретінінің дәлелі. Олар қашан бақытты болады?!" – деді ол.

Оқиғаға қатысты пікір алу үшін Zakon.kz тілшісі Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.

Ведомство арыздың түскенін растады.

"Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілді. Баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізілді. Оларға үш жасқа толмаған балаға қатысты арыз қабылданбайтыны түсіндірілді. Осыған байланысты азаматшаның арызы заңнама талаптарына сәйкес қараусыз қалдырылды", – делінген Атырау облысы Полиция департаментінің хабарламасында.

Бұған дейін біз Тараздағы мектеп-интернатта ұл балалардың әжетханада қызға күш көрсеткені туралы хабарлағанбыз. Бұл жайттың видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме