Оралда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Абай полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері облыс орталығы аумағында бірнеше ұрлық жасағаны үшін 30 жастағы Орал қаласының тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында ер адамның бір гараждың кірпіш қабырғасын бұзып кіріп, одан төрт қысқы автокөлік дөңгелегін ұрлап кеткені анықталды.

Бұдан бөлек, ол тағы бір гаражға заңсыз кіріп, мүлікті жымқырған, сондай-ақ автокөліктердің құлпын бұзып, ішіндегі заттарды ұрлауға қатысы бар екені белгілі болды.

Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі 1,2 млн теңге деп бағалануда. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрланған мүлік тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды