Қазақстанда жаңғыртудан өткен базарларда жалдау ақысы өсуі мүмкін

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 29 қыркүйекте өткен брифингте Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жаутықбаев базарлар жаңғыртылғаннан кейін сауда орындарын жалға алу ақысы қымбаттай ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ернұр Жаутықбаевтың айтуынша, қазіргі таңда базарлардың 60%-дан астамы жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр немесе аяқтауға жақын.

Осыған байланысты журналистер базарларды жаңарту жұмыстары жалдау ақысының өсуіне әсер ете ме деген сұрақ қойды.


"Бүгінгі таңда Ішкі сауда қағидалары мен заңнамалар аясында біз бір жыл ішінде модернизация жүргізілген жағдайда жалдау ақысын көтеруге болмайтынын нақты көрсеттік. Бір жыл өткеннен кейін ғана жалдау шарттарын өзгертуге болады," – деп түсіндірді спикер.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бірқатар жаңғыртылған базар иелері түрлі жеңілдіктер ұсынып жатыр.

Атап айтқанда, кейбірі саудагерлерге 3–4 айға жалдау төлемінен демалыс беруде.

Бұған дейін Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылғанын жазған болатынбыз

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды