Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

"Қарасора — 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Қызылорда қаласы Ақсай полиция басқармасы қызметкерлерімен заңсыз есірткі өсіру деректерін анықтау бағатында жедел шаралар өткізуде. , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 15:47 Сурет: ҚР ІІМ
"Қарасора — 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Қызылорда қаласы Ақсай полиция басқармасы қызметкерлерімен заңсыз есірткі өсіру деректерін анықтау бағатында жедел шаралар өткізуде.

"Учаске" рейдтік шара барысында учаскелік полиция инспекторы тұрғын үй ауласында есірткі егіп өсірген ірі есірткі алқабын анықтады.

Бау бақша ішінен салмағы 138 келіге жуық 34 түп сора өсімдігі анықталып, тәркіленді. Бұдан бөлек, полицейлермен оқиға орнында 19 келіден аса кептірілген марихуана анықталды.

Оқиға орнында 43 жастағы облыс тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.

"Қарасора — 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы барлығы 135 есірткі құқық бұзушылықтары анықталды, 1 т 383 келі есірткі тәркіленді, 5 фитозертхана анықталды.

Есірткі өсірумен айналысқан 47 адам ұсталды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: