Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды
Сурет: polisia.kz
"Қарасора – 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы ПД Қармақшы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз есірткі өсіру дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудан тұрғынынан қапқа салынған 1,6 келі кептірілген марихуана алынған. Ол далалық жерде сора өсімдігін өсірген.
"Оқиға орнын қарап тексеру барысында 132 түп сора өсімдігі анықталған. Сараптама қорытындысымен тәркіленген заттардың салмағы 25 келіге жуық болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда. "Қарасора – 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы барлығы 155 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. 1,3 тонна есірткі тәркіленді. 5 фитозертхана анықталды. Есірткі өсірумен айналысқан 49 адам ұсталды", делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін Семейде есірткі заттарын заңсыз сақтаған азамат ұсталғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript