Қазақстанның бес өңірінде 2 қазанда күн суық болып, үсік жүретіні болжанады

Сурет: Zakon.kz/Виктория Буханцева
2025 жылғы 2 қазан, бейсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда, еліміздің қалған бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуы жауын-шашын әкеледі.

"Еліміздің оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сонымен қатар, республикамыз бойынша желдің күшейіп, тұман түседі деп күтіледі. Еліміздің шығысында көктайғақ болуы да мүмкін. Үсік те жүреді.

"Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және Жетісу облысында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді, сондай-ақ Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны -2°С-ге дейін төмендейді деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Осы уақытта Алматы мен Тараз тауларында қар жауып тұр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді