Қазақстанда судың "қара нарығымен" күрес аясында 58,3 млн теңгеге айыппұл өндірілді

Фото: Zakon.kz
Судың "қара нарығына" қарсы күрес аясында 2025 жылғы вегетация кезеңінде Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейн инспекциялары су заңнамасын бұзғандарға 58,3 млн теңгеге 310 айыппұл салған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігі вегетация кезеңінде Қазақстанның оңтүстігінде төрт жұмыс тобын құрған. Олар өңірлерде судың әділ бөлінуін қамтамасыз етіп, су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Бас прокуратураның, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен министрлік республика деңгейінде судың "қара нарығына" қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір Бас прокуратурамен бірлесіп, заңсыз су алу фактілеріне қарсы күресті жалғастыру алгоритмі әзірленіп жатыр", – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Былтыр суару маусымында су заңнамасын бұзғандарға 15,8 млн теңге көлемінде 188 айыппұл салынған болатын.

Бұған дейін Қостанайда полиция мен қырағы тұрғын зейнеткерді алаяқтардан құтқарғанын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Ресей өзінің жаңа көліктерін Қазақстанға импорттауды доғара бастады