Путин алматылық 100 жастағы монах әйелін орденмен марапаттады

Фото: Zakon.kz
15 қазанда Ресей президенті Владимир Путин Алматы қаласындағы Ивер-Серафимов әйелдер монастырының 100 жастағы тұрғыны Ирина есімді монах әйілін Достық орденімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті жарлық Құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды.

"Қазақстанда Ресейдің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға қосқан зор үлесі үшін Алматы қаласының Иверс-Серафимов монастырының тұрғыны – Ирина Анисимовна Любицкая Достық орденімен марапатталсын", – делінген құжатта.

Белгілі болғандай, Ирина Орынбор облысында дүниеге келген. Соғыс жылдарында Тәжікстандағы эвакогоспитальдарда еңбек етіп, 1947 жылдан 1981 жылға дейін Алматыда жедел жәрдем фельдшері болып жұмыс істеген.

Бұған дейін Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында атыс болып, 12 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланғанын жазғанбыз.

Ресей
Қазақстан
Алматы
Путин Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды