Абай облысында ашық қалған гараждан ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Абай облысының Жаңасемей ауданында гараж ұрлығына қатысты қылмыстық іс ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аудандық полиция бөліміне 52 жастағы жергілікті тұрғын үйінің аумағындағы гараждан ұрлық жасалғаны туралы арызбен жүгінді. Оның айтуынша, белгісіз адам есігі ашық тұрған гаражға заңсыз кіріп, екі дәнекерлеу аппаратын, электрлі велосипед пен қарапайым велосипедті ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі - 175 мың теңге.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында учаскелік полиция инспекторлары күдіктінің ізіне түсіп, Новобаженово ауылының 49 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Ол өз кінәсін мойындап, ұрланған мүлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Полиция тұрғындарға сақ болуды ескертті. Кейінгі уақытта ашық қалған аулалар мен гараждарда сақталған мүлік жиі ұрланып жүр.

Тәртіп сақшыларының кеңесі:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды