Полицейлер жастарға дроппер болудың салдары туралы ескертті

Фото: Zakon.kz
Тәртіп сақшылары жастар арасында дроппер болудың қауіптері мен қылмыстық жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Дроппер — бұл алаяқтардың ұрлаған қаражатын өзінің банк картасы арқылы айналымға енгізетін адам. Мұндай ақшалар көбіне фишинг, аккаунттарды бұзу, банк деректерін ұрлау сынды алаяқтық жолдармен алынады. Дроппердің негізгі міндеті — қаржының нақты шыққан көзін жасырып, басқа шоттарға тарату немесе қолма-қол ақшаға айналдыру.

Көбіне дроппер ретінде студенттерді, жұмыссыздарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлерді тартуға тырысады.

2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап алаяқтыққа қатысы бар дропперлерге қатысты заңнама қатайтылып, мұндай әрекетке барғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны хабарланды.

Полиция өкілдері азаматтарды банк картасы арқылы белгісіз адамдарға ақша аудару немесе қабылдау ұсыныстарынан сақ болуға шақырып, күмәнді мәмілелерден бас тарту — қылмыстық жауапкершіліктен қорғанудың ең сенімді жолы екенін ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр