Энергетика министрлігі Курчатов қаласындағы ЖЭС құрылысы үшін тендер жарияламақ

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2025 жылғы 28 қазанда Үкімет отырысында жаңа жылу электр станцияларын (ЖЭС) салуға дайындық жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Мемлекет басшысының таза көмір технологиялары негізінде көмір өндіруді одан әрі дамыту жөнінде тапсырма бергенін еске салды.

"Министрлік экологиялық талаптар мен нормаларға жауап беретін, экологияға әсері барынша азайтылған, оның ішінде маневрлік режимде жұмыс істеу мүмкіндігі бар бірқатар ірі жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда қуаттылығы 2640 МВт Екібастұз ГРЭС-3 құрылысы үшін инвесторды анықтау бойынша тендер өткізілді", – деді Ақкенженов.

Оның айтуынша, Курчатов қаласында қуаттылығы 700 МВт болатын жылу электр станциясының құрылысына тендер жариялау жоспарлануда.

Бұған дейін Қазақстанда полиэтилен қашан өндіріле бастайтындығын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды