Аздаған уақыт беріңіздер: Астана әкімі елордадағы кептеліс мәселесі қашан шешілетінін айтып берді

Фото: pixabay
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек 2025 жылғы 29 қазанда тұрғындармен кездесу кезінде қаладағы көлік кептелісін азайту шаралары және жұмыс уақытының өзгерісі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Әкімнің айтуынша, жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қазан айының басынан бастап іске асып жатыр.

"Біз ұлттық компаниялар мен кейбір коммуналдық кәсіпорындар жұмысты ертерек бастасын деген шешім қабылдадық – бұл жолдардағы жүктемені азайту үшін. Бұл шешім қыркүйектен емес, нақты 1 қазаннан бастап күшіне енді. Ал толықтай нәтиже 15 күн ішінде көріне бастайды: барлық мемлекеттік органдар таңғы 08:00-де жұмысқа кіріседі, ұлттық компаниялар да солай. Қаланың коммуналдық кәсіпорындары тәулік бойы жұмыс істейді, бірақ олардың кеңсе бөлімі ресми түрде 07:30-да жұмысын бастайды", – деді Қасымбек.

Оның айтуынша, қала жолдарындағы жағдай біртіндеп жақсарады.

"Мысалы, қыркүйек ортасындағы жағдайды шілде немесе тамызбен салыстыру дұрыс емес. Сондықтан сіздерден өтінемін – бізге біраз уақыт беріңіздер. Қараша айының ішінде барлық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар жаңа жұмыс кестесіне толық өтеді. Мұны бір күнде жасату мүмкін емес. Барлық мекемелерге бір жарым ай ішінде кезең-кезеңімен бейімделуге мүмкіндік бердік. Мен сіздерге 15–20 қарашадан бастап нақты деректерді — әр көше бойынша қозғалыс жағдайының қалай өзгергенін айтып бере аламын. Бұл өзгерістер мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жұмысымен тікелей байланысты. Сондықтан біз сенімдіміз – нәтиже міндетті түрде болады", – деп атап өтті қала әкімі.

Сонымен қатар, әкімдік қоғамдық көлік жүйесін кеңейтуге, яғни автобус бағыттарының санын және автобустардың өз санын арттыруға ниетті.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, елде ішкі нарықты қамтамасыз етуге жеткілікті астық бар екенін жазғанбыз.

Қазақстан
Астана
Қасымбек Жеңіс

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды