БҚО тұрғынынан полицейлер ірі көлемде есірткі затын тәркіледі

Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз сақтау дерегін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Орал қаласының 39 жастағы тұрғынының үйіне жүргізілген тінту барысында шатырдан өсімдік тектес зат салынған үш жәшік пен екі полиэтилен қап, сондай-ақ қарасораға ұқсас 39 түп өсімдік тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған өсімдіктер құрамында есірткі бар қарасора тұқымдасына жатады, олардың жалпы салмағы – 9 келіден астам. Бұдан бөлек, өсімдік тектес заттың кептірілген марихуана екені анықталды, оның жалпы салмағы – 3 келіге жуық.

Осылайша, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 12 келіден астам.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін БҚО-да тыйым салынған өсімдіктерді өсіретін жасырын зертхана анықталғанын хабарлағанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды