Қазақстанда 14 мыңнан астам бала үйде білім алып жүр

Фото: pexels
Премьер-министр Олжас Бектенов ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасау шаралары туралы депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ұлттық білім беру деректер базасының мәліметінше, Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін 235 мыңнан астам бала тіркелген. Олар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда есепте тұр.

"Олардың ішінде 100 мыңнан астамы инклюзивті білім беру жағдайында оқиды. Дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың қорытындыларына сәйкес, 14 мыңнан астам оқушыға үйде білім алу ұйымдастырылған", — делінген премьер-министрдің жауабында.

Олжас Бектеновтің айтуынша, биылғы оқу жылынан бастап білім беру ұйымдарында қимыл-қозғалысы шектеулі балаларды физикалық тұрғыда сүйемелдеу үшін "жеке көмекші" деген жаңа лауазым енгізілді. Бұл қадам үйден оқитын балалардың санын азайтуға және олардың әлеуметтенуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, оқушыларды қолдаудың сапасын арттыру мақсатында педагог-ассистент лауазымы енді тек орта білім беру ұйымдарында ғана емес, мектепке дейінгі және техникалық білім беру деңгейінде де қарастырылған.

Айта кетейік, 6 мамырда Оқу-ағарту министрлігі ерекше білім беруді қажет ететін балалардың қажеттіліктерін бағалау ережелеріне өзгерістер енгізген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты