Шымкентте заманауи музыкалы-лазерлі субұрқақ іске қосылды

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі
Шымкентте "Көл" қоғамдық орнының аумағында заманауи музыкалы-лазерлі субұрқақ салтанатты түрде ашылды. Қарқынды дамудың символындай болған жаңа нысан қаланың көркін одан әрі аша түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік ақпарына сүйенсек, бұл – Шымкенттегі лазерлік, жарық және отты шоуды біріктірген алғашқы кешенді құрылым. Субұрқақтағы жарық, әуен мен отты көріністі үйлестіретін заманауи жүйе кешкі және түнгі мезгілде әсерлі көрінеді.

"Инновациялық технологиялар орнатылған субұрқақ қалыпты ырғақтағы музыкалық композицияларды да, лазер сәулелі жарқын динамалық шоуларды да орындай алады.Техникалық элементтің барлығы тапсырыспен шетелде әзірленген. Монтаждау барысында энерготиімді шешімдер мен заманауи автоматты басқару жүйелері қолданылды, нәтижесі субұрқақтың жұмысын оңтайландырып, күтіп-ұстау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді",- делінген мәліметте.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі

Субұрқақтар маусымы ресми түрде аяқталғанымен, қала тұрғындары мен қонақтары бірегей қойылымды тамашалауы үшін нысан алдағы жылы күндері жұмыс істейді. Одан кейін қысқы сақтауға қойылып, келесі жылдың көктемінде қайта ашылады.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, заманауи субұрқақтың ашылуы – техникалық жетістік қана емес, қаланың жайлы ортасы мен көрікті қоғамдық орындарды дамытудағы маңызды қадам.

"Біздің мақсатымыз – Шымкенттегі әр ауданда заманауи сергу және демалыс орындарын құру. Мұндай нысандар қала тұрғындары жиналатын әсем орындарға айналып, шаһар көркін аша түседі және мерекелік орта қалыптастырады", – деп атап өтті әкім.

Әсемдік, технология және қолайлылықты үйлестірген жаңа кешен бүгіннің өзінде Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының асқан қызығушылығын тудырды, ал алдағы уақытта мегаполистің көрікті орындарының бірі болары сөзсіз.

Бұған дейін Алматыда Назарбаев даңғылы бойында жаңа сквер ашылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр