Қазақстандық фотограф Үлкен Алматы көліне барар жолдағы тылсым табиғат суреттерін жариялады

Сурет: pixabay
Қазақстандық фотограф Дәулет Арстамбеков Алматы маңындағы Үлкен Алматы көліне жаяу сапарға шығып, жол-жөнекей табиғаттың ғажайып көріністерін суретке түсірді. Ол өзінің таңғажайып туындыларымен желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фотографтың айтуынша, неге екені белгісіз, қысқы пейзаждар жазғы жасыл алқаптар мен жайқалған шабындықтарға қарағанда анағұрлым тартымдырақ.

"Әсіресе, қар басқан ормандар ерекше әдемі. Өкінішке қарай, біздің тауларда ормандар сирек әрі биік те емес — бұл орман өрттері мен дауылдардың салдары. Германиядағыдай қалың орман болса ғой дейсің. Қазір ондай ормандарды еліміздің солтүстігі мен шығысында ғана кездестіруге болады. Сондықтан барға қанағат етіп, бар сұлулыққа қуанып жүрміз", – деп жазды фотограф.

Оның тұманға оранған ақбас таулар мен қысқы табиғатты бейнелеген суреттері жазылушыларын тәнті етпей қоймады:

Бұған дейін Қазақстандықтарға алаяқтықтың кезекті түрі туралы ескертілгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді