Дәріханаларда тегін дәрі-дәрмектер сатылған: министрлік қатаң шара қолданбақ

Фото: pexels
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов 2025 жылғы 11 қарашада Үкімет отырысында еліміздің дәріханаларында пациенттерге арналған тегін дәрі-дәрмектерді сату деректері бойынша жауапкершілік бар екенін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2024 жылдың шілдесінен бастап дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесі енгізілген, бұл — контрафактілік өнімдердің айналымына жол бермеу үшін жасалған шара.

"Таңбалау аясында бөлшек дәріханаларда тегін дәрілік препараттарды сату фактілері анықталды. Белгіленген заңбұзушылықтар бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Бас прокуратурамен бірлесіп жоспардан тыс тексерулерді бастады. Бұл талаптарды бұзған субъектілерге қатысты қатаң шаралар қабылданады", — деді вице-министр.

Министрліктің мәліметінше, бүгінде дәрілік заттар нарығының барлық қатысушылары таңбалау жүйесіне қосылған. Бұл бақылау мен реттеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Сондай-ақ, бұл шаралар салық түсімдерінің өсуіне оң әсер еткен. 2025 жылы фармацевтикалық сектордан түскен салықтар 24%-ға өсіп, бюджетке қосымша 24 млрд теңге түскен.

Денсаулық сақтау министрлігі алдағы уақытта биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау жүйесін енгізіп, желтоқсан айында медициналық бұйымдарға арналған пилоттық жобаны бастауды жоспарлап отыр.

Бұған дейін Тимур Мұратов амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған бюджет қаржыландыруының 2020 жылдан 2025 жылға дейін 48%-ға өскенін — 115 млрд теңгеден 262 млрд теңгеге дейін артқанын айтқан еді.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты