Түркістан облысында ұландық сарбаз телефондарды колонияға кіргізу әрекетінің жолын кесті

Фото: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары шеңберінде Ұлттық ұлан әскері қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің күзетін күшейтті.

Жыл басынан бері ҚАЖ мекемелеріндегі бақылау-өткізу пунктерінде тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқан 36 дерек анықталды.

Жедел жағдай көрсеткендей, Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері полиция департаменттерімен және ҚАЖ департаменттерімен бірлескен тәулік бойғы патрульдік қызметі мекемелерге тыйым салынған заттардың жеткізілу арналарына тосқауыл қоюда.

Осылайша, аталған кезеңде тыйым салынған заттарды өткізудің 128 әрекеті анықталды. Оның ішінде 7 дерек дрон қолдану арқылы іске асырылмақ болған.

11 қараша күні сағат 15:00 шамасында Ленгер қаласында орналасқан №55 ҚАЖ мекемесінің аумағына кіріп келе жатқан автокөлікті тексеру кезінде бақылау тобының сарбазы Әділет Нұрланұлы цемент салынған қапта жасырылған тыйым салынған заттарды анықтады.

Тексеріс барысында ұландық сарбаз 10 ұялы телефон, 11 SIM-карта, 2 қуаттау құрылғысын тәркіледі. Айта кетсек, күн сайын шамамен мыңға жуық ұландық мекеме аумағына тыйым салынған заттардың өткізілуіне жол бермеуде.

Мұндай нәтижелер – Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қырағылығы мен кәсібилігін жоғары деңгейде екенін дәлелдейді. Олар күнделікті қызметте ҚАЖ бөлімшелерімен тығыз өзара әрекеттесе отырып, мекемелердегі қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз етеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты