Алматы облысында шетелдік көшбасшының бейнесі мен көрші мемлекеттің туын өртеген 20 адам жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Алматы облысында шетел мемлекетінің басшысының бейнесі мен туын өртегені үшін шамамен 20 адам жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аймақтық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 13 қарашада Ұйғыр ауданында болған.

"Мемлекеттік ту мен шетел мемлекетінің басшысы бейнесін өртеп, заңсыз әрекет жасаған азаматтар тобын ұйымдастыру әрекеті тоқтатылды. Материалдарды қарау нәтижесінде 12 азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 күнге дейін қамауға алынды. Сонымен қатар, алты қатысушыға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", – делінген хабарламада.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы ("Дін, нәсіл, ұлт немесе әлеуметтік топқа қарсы араздық тудыру") бойынша қылмыстық іс те қозғалды.

Полиция мемлекеттік рәміздерге қол сұғу, сондай-ақ араздық тудырып, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған кез келген әрекет — заңның өрескел бұзылуы екенін және мұндай фактілер қатаң заң тәртібімен тоқтатылатынын қатаң түрде ескертеді.

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бұған дейін, 2025 жылғы 12 қарашада Алматы прокуратурасында қаладағы әлеуметтік шиеленіс ошақтары жойылғаны хабарланған еді.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді