Әлемнің жеті кереметі жайлы не білеміз

Сурет: pixabay
Әлем кереметтері – бұл архитектураның бірегей ескерткіштері: ежелгілері бізге аңыздар мен қирандылар түрінде жеткен, ал бертіндегілерін өз көзімізбен көруге болады. Олардың тізімі жаңарды ма - толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Ежелгі грек мәдениетінде жеті саны "қасиетті сан" ретінде есептелген, осыған орай бірқатар аңыздар да тараған. Әлемдегі кереметтер саны да жетеу болуының сыры осыда болуы бек мүмкін.

Ежелгі әлемнің жеті кереметіне мыналар кіреді:

  1. Хеопс пирамидасы немесе Ұлы Гиза пирамидасы
  2. Семирамида аспалы бақтары
  3. Олимптегі Зевс мүсіні
  4. Эфестегі Артемида ғибадатханасы
  5. Галикарнас мавзолейі
  6. Родос алыбы
  7. Александрия шамшырағы

Бүгінде тамашалауға болатын жалғыз көне керемет – Хеопс пирамидасы. Қалғандары сақталмаған.

Сурет: pixabay

Кейіннен тізімделген кереметтер саны да жетеу:

  1. Мачу-Пикчу
  2. Петра
  3. Ұлы Қытай қорғаны
  4. Құтқарушы Христос мүсіні
  5. Колизей
  6. Чичен-Ица
  7. Тадж-Махал

Бүгінгі әлем кереметтерінің тізімі 2007 жылғы 7 шілдеде екі жылға созылған жаһандық дауыс беру нәтижесінде жарияланған. Дауыс беруге әркім онлайн немесе SMS арқылы қатыса алды.

Мачу-Пикчу

Мачу-Пикчу – Перудің Куско аймағындағы тауларда, теңіз деңгейінен 2430 м биіктікте орналасқан инктер цитаделі. Инктер бұл орынды шамамен 1450 жылы салған. Кейін қала бос қалған. Кейбіреулер мұны испандықтардың жаулап алуының салдары десе, енді біреулер судың жетіспеуінен мекен қаңырап бос қалғанын айтады. Аталмыш орын жайлы жылдар бойы жан баласы білмеді, оны тек 1911 жылы америкалық археолог Хайрам Бингем ашқан.

Сурет: pixabay

Петра

Петра – Иорданияның оңтүстігіндегі қала, б.з.д. 312 жылдары набатей араб тайпаларының астанасы ретінде құрылған деп есептеледі. Алғашқы атауы – Ракму. Құрылыстарда пайдаланған қызғылт тастарға байланысты Петраны "Қызғылт қала" деп те атайды. II ғасырда қаланы римдіктер жаулап алған. 551 жылғы жойқын жер сілкіністері оның көп бөлігін қиратқан. 1812 жылы швейцариялық зерттеуші Иоганн Людвиг Буркхардт қаланың қалған құрылымдарын қайта тапты. 1985 жылдан бастап Петра ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысаны болып саналады.

Сурет: pixabay

Ұлы Қытай қорғаны

Ұлы Қытай қорғаны шамамен 8500 км бойымен Корей түбегінен Қытайдың Ганьсу аймағына дейін созылып жатыр. Ол Қытайдың солтүстік шекарасын көшпенділердің шабуылдарынан қорғау, сауданы бақылау және көші-қонды реттеу үшін салынған. Ең ежелгі бөліктері б.з.д. 220–206 жылдары, Қытайдың бірінші императоры Цинь Шихуанди билік еткен кезеңде тұрғызылған. Басқа бөліктері одан да ертерек, б.з.д. VII ғасырда салынған. Қорғанның бүгінгіге жеткен негізгі бөлігі Мин дәуіріне (1368–1644) жатады.

Сурет: pixabay

Құтқарушы Христос мүсіні

Құтқарушы Христос мүсіні – жаңа әлем кереметтерінің ішіндегі ең жаңасы. Ол бүкіл әлем христиандары үшін сенім белгісі ретінде тұрғызылған. Мүсін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында, Корковадо тауында орналасқан. Постаменттің биіктігі – 8 м, ал мүсіннің өзі – 30 м, қолдарының аралығы – 28 м. Монумент 1922–1931 жылдары инженерлер Эйтор да Силва Кошта мен Альбер Каконың қатысуымен дайындалған.

Сурет: pixabay

Колизей

Колизей – Италия астанасы Римдегі амфитеатр. Оның құрылысы 72–80 жылдары басталып, 81–96 жылдары аяқталған. Бұл кезеңде үш император ауысқан. Колизейдің трибуналарына 80 мыңға дейін көрермен сыйған. Мұнда гладиаторлық жекпе-жектер, қойылымдар, тіпті арнайы жүйе арқылы теңіз шайқастарын да өткізу мүмкін болған.

Сурет: pixabay

Чичен-Ица

Чичен-Ица – қазіргі Мексикадағы Юкатан түбегінде майя өркениеті тұрғызған храм кешені. Ол IX–XII ғасырлар аралығында салынған. Биіктігі – 24 м, ал негізінің ені – 55,3 м. Барлық сатылардың саны – 365.

Мұнда майялардың пернат жылан бейнесіндегі Құдайы – Кукульканға табынған. Ғимараттың беті осы мифтік жануар мүсіндерімен безендірілген. Көктемгі және күзгі күн теңелуінде түсетін көлеңке пирамиданың бойымен жылан жылжып келе жатқандай әсер қалдырады.

Сурет: pixabay

Тадж-Махал

Тадж-Махал – Үндістанның Агра қаласындағы Джамна өзенінің жағасында орналасқан. Бұл – Ұлы Моғол императоры Шах-Джахан әйелі Мумтаз-Махалға арнап салдырған мавзолей. Император қайтыс болғаннан кейін оның ұлы әкесін осы жерге жерлеген. Императордың сағаты ғимараттың симметриясын бұзатын жалғыз элемент болып саналады. Кешен құрамында мешіт, қонақ үй, бақ және қоршау қабырғалары бар.

Сурет: pixabay

Бұл ретте, РБК Life басылымы атап өткендей, әлі күнге дейін ресми түрде мойындалған "сегізінші әлем кереметі" жоқ.

Бұл термин ерекше нысандарды атау үшін бейнелі мағынада қолданылады. Мысалы, Қытайдағы "Терракота әскері" немесе Камбоджадағы Ангкор-Ват секілді бірегей тарихи орындар осылай аталып жүр.

Бұған дейін Дубайда 544 млн долларға салынған әлемдегі ең биік қонақүй ашылғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты