Ақмола облысында дронның көмегімен жол тәртібін бұзған азамат ұсталды

Фото: freepik
20 қарашада патрульдік полиция қызметкерлері "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде дронның көмегімен жол ережесін бұзған жүргізушіні анықтады.

Экипаж қызмет атқару кезінде Астана – Петропавл автожолының 315-ші шақырымында Subaru Outback автокөлігінің жүргізушісі Петропавл бағытында келе жатып қауіпті маневр жасағанын байқады.

Ол учаскеде белгіленген "басып озуға тыйым салынған" белгісіне және таңбалаудың үздіксіз сызығына қарамастан, қарсы қозғалыс жолағына шықты.

Деректерді алғаннан кейін патрульдеушілер көлікті тоқтатып, көлік құралының жүру бөлігінде орналасу, қарсы жолаққа шығу және басып озу ережелерін бұзғаны үшін бап бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Асан Байканов атап өткендей, дрондарды пайдалану жол жағдайын бақылаудың тиімділігін едәуір арттырды. Дрондар бізге экипаждардың тұрақты болуын қамтамасыз ету қиын болатын жол учаскелерін қамтуға мүмкіндік береді.

Осы құралдың арқасында біз қауіпті маневрлерді уақытылы тіркеп, ықтимал ЖКО-ның алдын аламыз", – деп атап өтті ол.

"Қауіпсіз жол" ЖПІШ басталғаннан бері дрондарды қолдана отырып, полицейлер жол қозғалысы ережелерін 30-ға жуық бұзушылықты анықтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады