Жедел медициналық жәрдем қызметі фельдшерлерінің жалақысын көтеру жоспарланып отыр

Сурет: Zakon.kz
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев 2025 жылғы 26 қарашада Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында фельдшерлер жалақысының төмендігі туралы шағымдармен байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тимур Сұлтанғазиев бүгінгі таңда жалақыны көтеру мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.

"Биыл жедел медициналық жәрдем қызметіне бағыттау үшін қосымша 5 млрд теңге бөлінді, келесі жылы жалақыны көтеру үшін есеп-қисаптар жүргізіліп жатыр, бұл шамамен тағы 10 млрд теңгені талап етеді. Тиісті шешім қалай қабылданады, біз де солай өздеріңізді құлақтандыратын боламыз", деп сөзін толықтырды вице-министр.

2025 жылғы 10 маусымда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай азаматтық қызметкерлердің жалақысы арасындағы алшақтықты азайту жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін