Астанада есірткі таратумен айналысқан қаржыгер ұсталды

Сурет: polisia.kz
Тексеру барысында ер адамның негізгі жұмысы қаржы саласына байланысты екені анықталды. Ол елордалық кәсіпорындардың бірінде қаржыгер болып қызмет еткен. Алайда қосымша табыс табу ниетімен ол өзіне заңсыз қосымша жұмыс тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Демалыс күндері күдікті автокөлік жалдап, интернет-дүкен арқылы түскен тапсырыстар бойынша есірткі жасырын қойып кетуші болып жұмыс жасап жүрген.

"Күдіктінің көлігін тінту кезінде изолентаға оралған 14 түйіншек табылды. Сондай-ақ оның қаладағы әртүрлі нүктелерге тағы 10 түйіншекті қойып үлгергені анықталды. Табылған кристалл тәрізді зат — альфа-PVP тәркіленді", - деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция есірткі таратуға, оның ішінде есірткіні жасырын қойып кетуші болып жасауға қатысу көбіне жеңіл табыс ретінде ұсынылғанымен, соңы ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы