Талдықорғанда бұзақылар жаңажылдық безендірулерге қырғидай тиюде - бейнежазба

Сурет: pixabay
Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков қала тұрғындарына маңызды мәлімдеме жасады. Шенеунік жаңажылдық көңіл-күй үшін арнайы дайындалған бұйымдар мен безендірулерге ұқыпты қарауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, Андабеков қала қонақтары мен тұрғындарынан шағын сәулет нысандарын бұзбауды сұрады.

"Біз мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін арнайы мүсіншелер дайындаған едік. Алайда, өкінішке орай, бұзақылық әрекет тоқтамай тұр",- деді ол.

Мысалы, бұзақылар сәндік қораптардың біріндегі бантикті жұлып алған. Бұдан бөлек, көпшіліктің назары қызыл дүңгіршекке түсуде.

"Мұны былтырғы жылы да орнатқан едік. Биыл жаңалап қайта қойдық. Бұл жерде есік бар, ол ішіне заттарды орналастыру үшін және түрлі жарықтар беру мақсатында қолданылады. Дегенмен, келушілер оны бұзып, ішіне енген. Қазір қайта жөндеп, шегелеп қойдық",- деді Жеңіс Андабеков.

Бұдан бөлек, шенеунік бұзақылардан зардап шеккен тағы бірнеше сәндік қойылымдарды көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарынан мұндай әрекетке бармауды сұрады.

Өз кезегенде, желі қолданушылары әкім орынбасарының сөзін толығымен қолдап, бұзақыларға тиісті шара қолдану керек екенін айтты.

Бұған дейін Грузияда жаңажылдық шырша өртеніп, қала жарықсыз қалғанын жазғанбыз.

Талдықорған
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды