"Нағыз қылмыс" - Тоқаев сапасыз тұрғын үйлер мәселесі туралы

Сурет: Zakon.kz
Астана құрылыс қарқыны бойынша елімізде көш бастап тұр. Ал Президенттің айтуынша, тұрғын үйлер сапалы салынуы қажет, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқаевтың айтуынша, жыл басынан бері қалада 5 миллион шаршы метр үй салынған.

"Бұл – бүкіл елде қолданысқа берілген тұрғын үйлердің төрттен бірі деген сөз.Әрине, жақсы көрсеткіш. Бірақ санды көбейтеміз деп, сапаны ұмытып кететіндер бар. Мысалы, таяуда тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті. Тағы бір үйде лифт құлады. Екі жағдай да қайғылы оқиғаға әкеп соқтырды", - деді ол.

Президенттің сөзінше, сапасыз материалдарды пайдалану, құрылысқа қатысты ережелерді және қауіпсіздік талаптарын сақтамау – нағыз қылмыс.

"Мұны ашық айтуымыз керек. Бұған мүлдем жол беруге болмайды. Үкімет құрылыстың барлық кезеңін, яғни жобалаудан бастап дайын үйді тапсыруға дейінгі үдерісті толық цифрландыруға тиіс. Сол арқылы бұл салада тәртіп орнатып, жұмыстың сапасын қамтамасыз етуі қажет". Қасым-Жомарт Тоқаев

Ал аймақ әкімдері елді мекендердің цифрлық көшірмесін жасап, барлық нысанның жай-күйін үнемі бақылауда ұстауы керек.

"Құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейту қажет. Үй салып жатқан компаниялар мен мердігерлер туралы және сараптама нәтижелері жайлы ақпарат ашық әрі қолжетімді болуға тиіс". Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев