Қазақстанда педагогтардың абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұғу фактілері тіркелді

Фото: Zakon.kz/Алия Абди
2025 жылғы 26 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім министрлігінің білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров педагогтардың құқықтарының сақталуын мониторингтеу жөнінде баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол кейбір өңірлерде Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі туралы" заңының кейбір нормаларының бұзылу фактілері әлі де анықталып отырғанын атап өтті.

"Алайда жалпы динамика тұрақты оң сипатта. Заң қабылданған соң соңғы 6 жыл ішінде педагогтардың құқықтарын бұзу деректері үш есеге азайды. Мұндай фактілердің ең көп саны заңның алғашқы жылдары тіркелген. Мысалы, 2020–2022 жылдары ресми түрде 111 құқықбұзушылық тіркелсе, соңғы үш жылда олардың саны 38-ге дейін азайды", – деді Әширов.

Анықталған құқықбұзушылықтардың негізгі бөлігі педагогтарды кәсіби міндеттеріне жатпайтын қызмет түрлеріне тартуға байланысты.

"Сонымен қатар, педагогтардың абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және қорлау фактілері тіркелді. Сондай-ақ мұғалімдерді баспасөзге жазылуға, концерт билеттерін алуға немесе іс-шараларға көрермен ретінде қатысуға мәжбүрлеу жағдайлары анықталды", – деп қосты спикер.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз мыңнан астам педагог республикалық кадрлық резервге кіргенін хабарлаған болатынбыз.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды