Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен "Отан" орденін тапсырды

Сурет: Ақорда
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин 2026 жылы 6 қаңтарда Мемлекет басшысы атынан "Халық қаһарманы" Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен "Отан" орденін тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматыда Ұлы Отан соғысында ерлік пен батылдық көрсеткен Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова мен немересі Ержан Момышұлына Президент атынан айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" орденін тапсырды.

"Халқымыз Бауыржан Момышұлын әрдайым батыр деп біледі, қаһарман деп қастерлейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл жолғы шешімі халықтың оған деген ыстық ықыласын одан әрі арттыра түсті. Ең бастысы, көптен күткен тарихи әділдік қалпына келтірілді", – деді Мемлекеттік кеңесші.

Сондай-ақ Ерлан Қарин қайсар рух пен өр мінездің символына айналған Бауыржан Момышұлының өмірі жас ұрпаққа үлгі-өнеге екенін атап өтті.

Айта кетсек, 2025 жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары кезінде аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беру туралы шешімін жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойған болатын.

Қазақстан
Ұлы Жеңіс

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді