Қазақтың шапаны Уилл Смиттің иығында: қазақстандық блогердің тосын сыйы

Сурет: видео скрині
Қазақстандық блогер әрі саяхатшы Дастан Мұхамедрахым Дубайда өткен халықаралық шарада әйгілі актер Уилл Смитке қазақтың ұлттық шапанын сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

@bydastann никнеймімен танымал контент жасаушы әлемдік деңгейдегі блогерлер мен қоғам қайраткерлері жиналған Instagram ұйымдастырған іс-шараға арнайы шақырылған. Сол кеш барысында Дастан кино жұлдызымен жүздесіп, қазақ мәдениетінің символы саналатын шапанды тосыннан табыстаған.

Блогердің айтуынша, ол бұл қадамға алдын ала дайындалған. Уилл Смит сахнаға шығуға аз уақыт қалғанда, Дастан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына жоспарын бөлісіп, алдыңғы қатарда отырып, шапанды дайындап қойғанын жеткізген.

"Уилл Смит қазір бес минуттан кейін шығады. Мен алдыңғы қатарға отырып, шапанды дайындап отырмын және оны оған кигізуге тырысамын. Мен үшін дұға етіңіздер", - деді Дастан іс-шара алдында.

Актер өнер көрсетіп болған соң, қазақстандық блогер сахнаға көтеріліп, көптің көзінше Уилл Смиттің иығына шапан жапқан. Оқиға өте жылдам әрі аяқ асты болған.

Іс-шарадан кейін Дастан бұл сәттің өзі үшін ерекше әсер қалдырғанын айтты. Оның сөзінше, сол сәтте актермен жақын арада тілдесіп, естелікке кадр түсіруге мүмкіндік алған жалғыз адам өзі болған.

Әлеуметтік желілерде тараған видеолар мен кадрлар желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, қазақтың ұлттық киімі әлемдік жұлдыздың үстінде көрінуі көпшіліктің көңілінен шықты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма