Қостанайда жол жиегінен әйелдің мәйіті табылды: күдікті ұсталды
Фото: Zakon.kz
Қостанайда әйелді көлік қағып, жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Оның мәйітін таңертең ерте жолдан өтіп бара жатқан жүргізушілер байқап қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының мәліметінше, Лисаковск қаласының 35 жастағы тұрғыны қансырап, жол жиегінде жатқан. Оны тапқан кезде әйелдің өмір белгілері болмаған.
Полиция бірден "Ұстау" жоспарын жариялады. Бірнеше сағаттан кейін 42 жастағы күдікті анықталды. Оның ақ түсті кроссоверінің бамперінің бір бөлігі соққыдан үзіліп кеткен.
Қазір тергеушілер жол-көлік оқиғасының қалай болғанын және жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпегенде, әйелді аман алып қалуға мүмкіндік болған-болмағанын анықтап жатыр.
"Көлік қысқа мерзім ішінде Қостанай қаласында анықталды. Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", — деді Қостанай облысы полиция департаментінің ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Екатерина Рабцун.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript